Артель» ішекті аспаптар квартетінің қатысуымен камералық концерт

Артель» ішекті аспаптар квартетінің қатысуымен камералық концерт

Құрметті достар!

Сіздерді ү.ж. 30 сәуірде сағат 20:00-де (UTC + 2) «ORF1» телеарнасының тақырыптық радио шығарылымында «Артель» ішекті аспаптар квартетінің қатысуымен камералық концертті тыңдауға шақырамыз. Ұзақтығы 60 минут.

Қатысушылардың тізімі:

- Жанай Төленова (1-ші скрипка, Қазақстан);

- Зарина Имаякова (2-ші скрипка, Қазақстан);

- Лилия Нигамедзянова (альт, Ресей);

- Мелькиор Соукс (виолончель, Франция).

«Артель» қойылымдары Вена орталық консерваториясының скрипка профессоры Эрнст Ковачичтің концерттер циклі шеңберінде көзделіп, танымал тұлғалар мен музыканттарды мәдениет, өнер саласындағы түрлі тақырыптар мен қызықты оқиғаларды, музыкалық үрдістерді талқылауға шақырады.

«Артель» музыканттары Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала сарыны» мәдени жобасының қатысушылары болып табылады.

Квартеттің орындау стилі талғампаз, нәзік, ойластырылған ойынмен, барлық орындаушылардың көркемдік ниеттерінің бірлігімен ерекшеленеді. Квартет өз қызметінде Батыс Еуропа композиторларының, әсіресе Вена классиктерінің шығармаларына жүгінеді. Квартет мүшелері қазақ композиторларының камералық-аспаптық шығармашылығын кеңінен насихаттауға көңіл бөледі.