Қазақстандық делегация БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының (ЕҚК) 64-сессиясының жұмысына ЕҚК мүшесі ретінде қатысып, БҰҰ есірткіге қарсы конвенцияларының бақылау тізімдеріне жаңа заттарды енгізу жөніндегі Денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша дауыс берді, сондай-ақ ұлттық мәлімдеме жасады.
Барлық ұсыныстар қарсылықсыз көпшілік дауыспен қабылданды. Сонымен қатар, сессия қорытындысы бойынша COVID-19 індетінің әлемдік есірткі проблемасына әсері туралы бірлескен мәлімдеме, сондай-ақ нашақорлықты емдеу, оңалту және әлеуметтік реинтеграция, баламалы даму мен басқа да мәселелер бойынша 4 қарар қабылданды.