Венада Швецияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары таныстырылды

Венада Швецияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары таныстырылды

14 қаңтарда Венада Ұйымға биыл Швецияның төрағалық қызметіне кірісуне байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің алғашқы арнайы отырысы өтті.

2021 жылғы швед төрағалығының базалық басымдықтарын ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линде виртуальды форматта таныстырды.

Іс басындағы төраға Швеция Еуропа қауіпсіздігінің тәртібін қорғап және ЕҚЫҰ қауіпсіздігінің жан-жақты тұжырымдамасын ұстана отырып, күщ-жігерін барлық 57 қатысушы мемлекет қалайтын принциптер мен міндеттемелерге шоғырландырмақ ниетте. Іс басындағы төрағалықтың басты бағыттары  ЕҚЫҰ өңірінің саяси және экономикалық қауіпсіздігі, демократиялық процестер, әйелдерді жұмылдыру және құқықтарын ұлғайту жолымен адам құқығын, негізгі еркіндіктер мен демократияны, заң үстемдігін және гендерлік теңдікті ілгерілету екендігін атап өтті.

Өз кезегінде, қазақстандық делегация Швецияның басымдықтарына қолдау білдіре отырып, терроризмге қарсы күрес, есірткі тасымалы сияқты қазіргі заман қауіп-қатерлерінің алдын алуға күш-жігер жұмсаудың қажеттілігіне назар аударды.

Ұйым жауапкершілігі аймағындағы күрделі халықаралық ахуал және шиеленістер мен тұрақсыздықтың бар екендігіне назар аудара отырып, осыдан он жыл бұрын, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның соңғы Саммитінде  қабылданған Еуразия мен Еуро-Атлантикалық қауіпсіздігінің  бөлінбестігі туралы  Астана декларациясының маңызын жоймаған өзектілігі туралы мәлімделді.

Бұл елдегі жағдай ЕҚЫҰ-ның бүкіл өңіріне тікелей әсер ететіндіктен,  Қазақстан мен Орталық үшін маңызды басымдықтардың бірі ретінде Ауғанстандағы ахуалдың тұрақтануы аталды.

Сонымен қоса, Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров COVID-19-дың теріс әсері тұсында Швеция Орталық Азия үшін маңызды болып саналатын өзара байланыстықты дамыту, тиімді басқару, жасыл экономика, цифрландыру, ақылды қалалар, су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі, қауіпті қалдықтарды өңдеу және апаттар қаупін азайту мәселелеріне экономика және қоршаған орта өлшемінде тиісінше назар аударады деген үміт білдірді.