Венада ҚР-дағы парламенттік сайлаудың қорытындылары ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның жаңа директорымен талқыланды

Венада ҚР-дағы парламенттік сайлаудың қорытындылары ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның жаңа директорымен талқыланды

Вена, 2021 жылдың 14 қаңтары – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің жанында Қазақстанның Венадағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) жаңа директоры Маттео Мекаччимен алғашқы кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қ. Омаров әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ДИАҚБ-ның ЕҚЫҰ-дағы маңызды функцияларының бірін жүзеге асырғаны үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясын орналастыру.

Қ. Омаров ү.ж. 10 қаңтарда өткен ҚР-дағы парламенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін, сонымен қатар ашық сайлаулар өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығы туралы хабардар етті. Өткен жылы елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылғанын атап өтті.

Өз кезегінде М. Мекаччи Қазақстанда қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы оң пікір айтты.

Қазақстан тарапына байқаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағанына алғыс білдірілді. Ол пандемиямен байланысты қиындықтарға қарамастан, ДИАҚБ байқаушыларының жеткілікті өкілдік миссиясын құра алғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ұйым аясындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері қосымша талқыланды.