Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2021 жылы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) өтетін ҚР Парламент Мәжілісі депуттарын сайлауға өз таңдауын жасауға ниетті 18 жасқа толған ҚР азаматтары, ҚР-дың Венадаға Елшілігі жанында орналасқан сайлау учаскесінде (Prinz-Eugen-Str 32, 1040 Wien) еш кедергісіз дауыс бере алатынын хабарлаймыз.

Сайлау учаскесіне барғанда сізде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сізден бетперде кию режимін сақтап, барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтауды сұраймыз.