Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №4 ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы №4 ақпараттық хабарлама

Құрметті сайлаушылар!

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «Nur Otan» партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің +43890800835/14 телефоны бойынша және consul.vienna@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Prinz-Eugen-Str. 32, 1040 Wien, мекенжайында, № 240 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.