ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас директорына сенім құжаттарын тапсырды

ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас директорына сенім құжаттарын тапсырды

ҚР Венадағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юнге сенім құжаттарын тапсырды.

Ли Юн еліміз бен ұйымның арасындағы табысты әріптестікті атап өтіп, ұйымның қызметіне көрсетілген тұрақты қолдау үшін алғыс білдірді.

Тараптар өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктерін талқылап, жаңа төртінші индустриялық революция, климаттың өзгеруі, елдер арасында сақталып отырған теңсіздік сияқты факторлардың әсерін ескере отырып, мемлекетерге индустриялық даму жөніндегі саясатты дамыту бойынша стратегиялық қолдау көрсету жолдары туралы пікір бөлісті.