Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды.
Дене температурасы жоғары келген адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.
Қазақстан Республикасының келген азаматтары Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.