
Лаксенбург, 2020 жылғы 30 қараша. Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі Қ.Омаров Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясына (ХСЖҚА) мүше елдері Ассамблеясының 9-сессиясында Академиядағы төрағалықты Аустрияға тапсырды.
ХСЖҚА ректоры Т.Штельцер 2019-2020 жж. кезеңіндегі тиімді және жемісті төрағалық еткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Төрағалық барысында Нұр-Сұлтан декларациясы қабылданып, жоғары және сарапшылық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, ХСЖҚА 9-сессиясы шеңберінде ұйымның 2021 жылға арналған бюджеті, 2021-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы және Ассамблеяның келесі сессиясының күн тәртібі мақұлданды.
9-сессияның төрағасы ретінде Аустрия өкілін сайлаудан басқа, іс-шара барысында 2 вице-президент ретінде Чили мен Словения өкілдері сайланды, ал Мысыр мен Пәкістан өкілдері 2 баяндамашы болып тағайындалды.