ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Венадағы БҰҰ бөлімшесінің және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының басшысы Ғада Уәлиге сенім құжаттарын тапсырды

ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Венадағы БҰҰ бөлімшесінің және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының басшысы Ғада Уәлиге сенім құжаттарын тапсырды

Вена, 2020 жылғы 17 қараша – Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Венадағы бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Ғада Уәлиге сенім құжаттарын тапсырды.

Кездесу барысында Ғ.Уәли ҚР мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы серпінді дамып жатқан ынтымақтастықты қанағаттанғандықпен атап өтіп, Қазақстан Үкіметіне Ұйымның қызметіне тұрақты түрде қолдау көрсеткеніп жатқаны үшін алғыс білдірді.

Өз тарапынан, Елші Қазақстан БҰҰ ЕҚБ-мен, әсіресе Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (CARICC) желісі бойынша ынтымақтастықты басым тұтатынын хабарлады.