Лаксенбург, 2020 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасының Вена қласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Қайрат Омаров Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) деканы Томас Штельцерге сенім құжаттарын тапсырды.
Академия басшысы ҚР-дың ХСЖҚА-ға төрағалығымен 2019 жылғы 2-4 қазанда Қазақстанда өткен және бірнеше маңызды құжаттарға, соның ішінде Нұр-Сұлтан декларациясына қол қоюмен аяқталған Қатысушы елдер ассамблеясының 8-сессиясының табысты өткенін атап өтті. Соңында Т.Штельцер Қазақстан Үкіметіне Академияның қызметіне, соның ішінде ерікті жарналар бөлу арқылы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Өз тарапынан, Елші Қазақстан саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, ХСЖҚА-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдірді.