АЭХА мен ЯСЖТШҰ-ға сенім грамоталарын ұсыну рәсімі

АЭХА мен ЯСЖТШҰ-ға сенім грамоталарын ұсыну рәсімі

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар  жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербоға сенім грамоталарын тапсырды.

АЭХА басшысы Р.Гросси еліміздің ядролық қаруды таратпау мәселелеріне өз аумағында бірегей АЭХА Төмен байытылған уран банкін орналастыру арқылы қосқан тарихи үлесін атап өтті. Агенттік өз тарапынан Қазақстанда медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен өндірістің басқа салаларында озық ядролық технологияларды тиімді енгізуге ат салысуға  дайын екенін білдірді.

ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Л.Зербо еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық күш-жігерін мойындай отырып, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа Финляндияның бұрынғы президенті Т.Халоненмен бірге «Ядролық қарусыз әлем үшін ядролық сынақтардан азат әлем чемпиондар» жоғары атағын беруін тағы да атап өтті.