Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты тәртібін өзгерту туралы

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты тәртібін өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 ж. 27 қазандағы № 61 Қауылысына сәйкес 2020 ж. келесі қосымша шаралар қолданады:

- Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар міндетті түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 3 тәулік бұрын  алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) ұсынады.  Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды;

- ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.  COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.