2021 ЖЫЛЫ 10 ҚАҢТАРДА ӨТЕТІН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚР АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАМА

2021 ЖЫЛЫ 10 ҚАҢТАРДА ӨТЕТІН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚР АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН  ХАБАРЛАМА

Құрметті Аустрияда және Словенияда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары!

2021 жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығына сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Елшілігі жанында Prinz-Eugen-Straße 32, 1040 Wien мекенжайы бойынша № 240 сайлау учаскесі құрылды (дауыс беру уақыты қосымша хабарланады).

Сайлауға қатысу үшін Аустрия мен Словения аумағында уақытша және/немесе тұрақты тұратын ҚР азаматтары жоғарыда көрсетілген сайлау учаскесіне сайлаушылар ретінде алдын ала тіркелуі қажет.

Тіркеуді tirkeu@mfa.kz электрондық поштасы арқылы өзінің жеке деректерін жіберуді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Аустрияда/Словенияда тұратын мекенжайы) жүзеге асыруға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген электрондық поштаға немесе келесі телефондарға хабарласуға болады: +43 1 890 80 08 35, +43 1 890 80 08 14, +43 1 890 80 08 29, +431890800813.

Сайлауға  18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматы (өзімен бірге төлқұжатын алып келуі керек) қатыса алады.

Қосымша ақпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының https://www.election.gov.kz веб-парақшасында орналасқан.