Вена қаласында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы жаңа Тұрақты өкілі ұйым Бас хатшысының міндетін атқарушысына сенім грамотасын табыстады

Вена қаласында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы жаңа Тұрақты өкілі ұйым Бас хатшысының міндетін атқарушысына сенім грамотасын табыстады

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров ЕҚЫҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы, Қақтығыстарды болдырмау орталығының директоры Туула Юрьелаға сенім грамотасын табыстады. Бұл рәсім Аустрия астанасында ЕҚЫҰ Хатшылығының штаб-пәтерінде өтті.

Кездесу барысында Т.Юрьела Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығына жоғары баға беріп, бұл серіктестіктің одан әрі нығайатынына сенім білдірді. ЕҚЫҰ өкілінің айтуынша, Қазақстан ұйымның қызметінде маңызды рөл атқарады және оның белсенді қатысушысы болып табылады.

Өз кезегінде, Қайрат Омаров ЕҚЫҰ-ның үш өлшемдегі маңызды жұмысын атап өте, мемлекеттің ұйыммен қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады. Қазақстандық дипломат елдегі қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жүргізіліп жатқан реформалар жайында хабардар етті. Сонымен қоса, 2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліске өтетін парламенттік сайлауға ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Қазақстанның Тұрақты өкілі өз елінің үш онжылдық тарихында мүшелігі барысындағы, сондай-ақ 1998 жылдан бері ұйым далалық миссиясының болу тәжірибесіне негізделіп ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың жаңа нысанын дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар күн тәртібінің өзекті мәселелерін, ЕҚЫҰ-ның өңірлік мәселелерін шешудегі және Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамудағы халықаралық үлестерін белсендіру тақырыптарын талқылады.