
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына сәйкес:
- Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) ұсынады.
ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдар Анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.
- Дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады.
- Келген ҚР азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.
COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына емдеуге жатқызылады.