Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Сарыбай дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты 2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның Венадағы кеңсесінде қоштасу кездесулерін өткізді.
БҰҰ-ның Венадағы офисінің басшысы, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ағылш. UNODC) Атқарушы директоры Гада Валимен әңгімелесу барысында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымымен күрес, халықаралық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының маңыздылығы қарастырылды (CARICC).
Біріккен Ұлттар Ұйымының Индустриялық даму ұйымының (ағылш. UNIDO) Бас директоры Ли Юн Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы жан-жақты пікір алмасу кезінде экономикалық дамудың басымдықтарын, атап айтқанда, саланы цифрландыру үдерісін және жасыл экономикаға көшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұйым қызметін қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш кеңістігі басқармасының (ағылш. UNOOSA) Директоры Симонетта Ди Пиппомен болған сұхбат барысында негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылық білдірілді: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен UNOOSA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде, COPUOS кіші комитеттерінің жұмысы, сондай-ақ «UN-SPIDER» аймақтық кеңсесінің ашылуы туралы мәселенің алға жылжытуы.
Сонымен қатар UNODC, UNIDO және UNOOSA басшылары Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (ағылш. CICA) Хатшылығымен институционалдық қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ағылш. CTBTO) Атқарушы хатшысы Лассина Зербо біздің елдің ядролық қарусызданудағы күш-жігерін және осыған байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа Финляндияның бұрынғы президенті Т.Халоненмен бірге «Ядролық қарусыз әлем үшін ядролық сынақтардан азат әлем чемпионы» жоғары атағын беруін атап өтті.