
Словения Республикасының Президенті Борут Пахор Қазақстанның Словения үшін маңызды әріптес екенін атап, Ұлы Дала елімен ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделілігін білдірді. Бұл туралы Словения басшылығы Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Қайрат Сарыбаймен қоштасу кездесуінде мәлімдеді.
Словенияның бұрыңғы Президенті Данило Тюрк Қазақстан-Словения қатынастарының дамуына Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі үлес қосқанын және оның халықаралық бастамаларын атап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Қазақстан Елшісі Қ.Сарыбай Словения басшылығы мен экономикалық және мәдени топтарына Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл жағдайы» Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтарын таныстырды.
Кездесулер барысында екіжақты қатынастардың соңғы жылдардағы оң жетістіктері талқыланды. Атап айтқанда, парламентаралық достық топтарының құрылуы, Қазақстанның Словенияда екі Құрметті консулдығының ашылуы, қосарлы салық салудан босату Конвенциясының жүзеге асырылуы, екіжақты сауда айналымының өсуі, «Қазақстан-Словен Бизнес Клубы» мен «Art Embassy» қазақ өнер елшілігінің ашылуы, Югославия партизандары қатарында ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері «Кассе Себеро» оқиғасының екі халық арасындағы достық қарым-қатынастарға оң әсері етуі.
Словения Президенті Б.Пахор, бұрыңғы Президенті Д.Тюрк, Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Т.Кайзер қазақ дипломатының екіжақты қатынастарды ілгерілетудегі зор еңбегі мен ауқымды жетістіктері үшін алғыстарын білдірді.