2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі 54 елге арналған 30-күндік визасыз режимді қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Аталған елдердің ішінде Австрия мен Словения мемлекеттері де бар. Бұл ел азаматтарына осы шешімге сәйкес, елде болу мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде күнтізбелік 30 күннен аспаса, Қазақстан Республикасына визасыз кіруге рұқсат етіледі.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекциялардың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халықаралық әуежайлар арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіруге/транзиттік сапарға/Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуге визасыз режимі бар елдердің шетелдік азаматтарына қойылған уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
Визасыз режим бойынша шетел азаматтарына Қазақстанға туристік, жеке және қысқа мерзімді іскерлік мақсатта келуге рұқсат беріледі. Бұл ретте іссапарларға кездесулер мен келіссөздер, шарттар жасасу, сондай-ақ конференциялар мен форумдарға қатысу жағдайы да қарастырылған.
Визасыз сапарлар шеңберінде шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек немесе басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынғанын ескеру қажет. Сондай-ақ кез келген монтаждық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Мұндай мақсаттар үшін виза талап етіледі.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына келетін тұлғалар азаматтығына және вакцинация төлқұжатының болуына қарамастан материалды шекарадан өткізген кезден бастап 72 сағат бойы жарамды ПТР тестісінің теріс сертификатын ұсынуы қажет. Ал, 5 жасқа дейінгі балаларға сертификат қажет емес. Қазақстанға келетін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін карантиндік талаптар болмайды.