"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" (Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы заңдастырудың күшін жою туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады) мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:
1) апостиль қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қойылатын құжат (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);
4) 30 еуро көлеміндегі консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілінен сұрау түскен жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Қазақстан Республикасына апостиль қоюға жіберілген құжаттарды өңдеу уақыты - 3 ай.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: бекітілген нысан бойынша қажетті қағаз құжатқа «Апостиль» мөртабанын қою.
Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері:
Botschaft der Republik Kasachstan, Bank Austria
IBAN – AT341200000660496811, BLZ 12000
BIC- BKAUATWW
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Құжаттарды қабылдау 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ интернет-ресурсы арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.