Қазақстан Парламентінің Парламенттік Ассамблеямен ынтымақтастығы қазақстандық депутаттардың ЕҚЫҰ ПА мүшелерімен сындарлы диалогы негізінде дамуда.
Қазақстан Парламентінің делегациясы жыл сайынғы сессияларға, Күзгі және Қысқы отырыстарға, сондай-ақ Ассамблеяның конференциялары мен семинарларына үнемі қатысады.
Парламенттік дипломатияның маңызды бағыты депутаттардың сайлауды бақылау миссияларына қатысуы болып табылады. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы бірнеше рет Қазақстанға ҚР Парламенті депутаттарының сайлауын, сондай-ақ президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссияларды жіберді.
Өз кезегінде, ЕҚЫҰ ПА миссиялары құрамындағы қазақстандық депутаттар Албания, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Грузия, Қырғызстан, бұрынғы Югославия Республикасы, Македония, Молдова, Ресей, Сербия, АҚШ, Тәжікстан, Украина және Түркиядағы парламенттік сайлауды, сондай-ақ Әзірбайжан, АҚШ, Украины, Ресей және Қырғызстандағы президенттік сайлауды бақылауға қатысты.
ҚР Парламентінің Парламенттік Ассамблеямен қарым-қатынасы тарихындағы ірі оқиға 2008 жылы Астана қаласында ЕҚЫҰ ПА-ның 17-ші жыл сайынғы сессиясын өткізу болып табылады. Аталған сессияның барысында қабылдаған Астана декларациясы саяси және қауіпсіздік мәселелердің, ғылым, технология және қоршаған орта бойынша ынтымақтастықтың, сондай-ақ адам құқықтары мәселелеріндегі транспаренттіліктің маңыздылығы атап өтілді.
Еуропа, Азия және Американың 50-ден астам мемлекетінің, халықаралық және парламенттік ұйымдардың атынан 600 делегат қатысқан 17-ші сессияның қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары болып сайланды.
Орталық Азияда алғаш рет Парламенттік Ассамблея сессиясын өткізу ЕҚЫҰ-ның өңірдегі парламентаралық диалогын одан әрі кеңейтуге ықпал еткен маңызды тарихи іс-шара болды.
ҚР Парламенті мен ЕҚЫҰ ПА арасындағы ынтымақтастық жылдарында Парламенттік Ассамблея төрағалары, сондай-ақ олардың орынбасарлары Қазақстанға бірнеше рет ресми сапарлармен келді. Өз кезегінде, ҚР Парламентінің басшылығы ЕҚЫҰ ПА-ның жыл сайынғы және маусымдық сессияларына үнемі белсенді қатысады.
2021 жылы Парламенттік Ассамблеяның жыл сайынғы сессиясында ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары лауазымына қазақстандық депутат – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров сайланды. Сонымен қатар, сол жылдың тамыз айынан бастап Шәкіров Тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша ЕҚЫҰ ПА-ның арнайы өкілі болып табылады.