Аустрия Қазақстанның Орталық Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылып, қазақстандық экспорт үшін маңызды қызығушылық тудырады. Өз кезегінде Қазақстан Аустрияның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.
2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 280,8 млн. АҚШ долларын құрады (ҚР экспорты - 4,1 млн. АҚШ долл., импорт – 276,7 млн. АҚШ долл.).
Экономикалық жолдағы елдердің өзара іс-қимылының негізгі тетігі Экономикалық, ауылшаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. ҮАК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко, Аустрия тарапынан – Федералдық Экономика, энергетика және туризм министрлігінің Бас директоры Ф. Фраушер.
2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үкіметаралық комиссияның 12 отырысы өткізілді. (2009 ж. 20 мамыр - Вена, 2010 ж. 5 қараша - Астана, 2011 ж. 17 қараша - Вена, 2012 ж. 4 қыркүйек - Астана, 2013 ж. 28 қараша - Вена, 2015 ж. 17 наурыз – Астана, 2016 ж. 19 қазан – Вена, 2017 ж. 22 тамыз – Астана, 2019 ж. 11 қараша – Линц, 2021 ж. 23 қыркүйек– Нұр-Сұлтан, 2023 ж. 20 сәуір – Грац, 2025 ж. 24 сәуір - Астана).
2012 жылдан бастап "Қазақстан-Аустрия" екіжақты іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Іскерлік кеңестің тең төрағалары: Қазақстан тарапынан - машина жасаушылар одағының төрағасы М. Пішембаев, Аустрия тарапынан - Экономикалық Палатаның Вице-президенті В.Хесун. Осы уақытқа дейін Іскерлік кеңестің 10 отырысы өткізілді.