Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЮНИДО-мен ынтымақтастық

Қазақстан 1997 жылғы маусымда Біріккен Ұлттардың Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) мүшесі болды. Еліміз ЮНИДО-ның бес өңірлік бағдарламасының бірі – Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаға кіреді.

2009 жылғы желтоқсанда Венадағы ЮНИДО Бас конференциясының 13-ші сессиясында Қазақстан алғаш рет 2010-2013 жылдар кезеңіне ЮНИДО-ның негізгі сайланбалы органы – Өнеркәсіптік даму жөніндегі кеңестің құрамына сайланды.

2010 жылдың шілдесінде ЮНИДО Бас директоры Камдел Юмкелла Қазақстанға сапар шекті. Бағдарламаға 3-ші Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы мен тақырыптық сессиясында сөз сөйлеу, Мемлекет басшысымен, Премьер-Министрдің орынбасарымен, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Даму" қорының басшылығымен кездесулер кірді. К.Юмкелла Астанадағы локомотив зауытына барды. Бұл сапар ЮНИДО басшысының Орталық Азияға тарихтағы алғашқы сапары болды.

2014 жылдың сәуір-мамыр айларында ЮНИДО Бас директоры Ли Юн Қазақстанға сапар шекті. ҚР Премьер-Министрімен кездесудің нәтижесінде тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындаған Қазақстан мен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Сонымен қатар, ЮНИДО басшысы Премьер-Министрдің орынбасарымен және Сыртқы істер, Қоршаған орта және су, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшыларымен кездесулер өткізді. Сапар қорытындысы бойынша 2014 жылғы шілдеде ҚР Үкіметі ЮНИДО-ға 95 мың еуро сомасында ерікті жарна бөлді.

ЮНИДО басшылығы 2009 жылдан бастап Астана экономикалық форумына үнемі қатыса отырып, Қазақстанның халықаралық бастамаларын белсенді қолдайды.

2014 жылы Қазақстанның халықаралық бастамалары шеңберінде ЮНИДО-мен ынтымақтастық жаңа деңгейге жетті. ЮНИДО Бас директоры Ли Юн Азия даму банкінің Басқарушылар кеңесі шеңберінде (2014 ж. 2 мамыр, Астана) өткен "II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция" бірінші пленарлық сессиясының негізгі баяндамашыларының бірі болды.

2015 жылғы 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Венада ЮНИДО Бас конференциясының 16-шы сессиясы өтті, оның аясында ҚР Сыртқы істер министрі ЮНИДО басшысы Ли Юнмен кездесіп, ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ЮНИДО басшысы Ли Юн Мемлекет басшысының Халықаралық жасыл технологияларды дамыту орталығын  (ХЖТО) құру туралы бастамасын қолдауға дайын екенін мәлімдеді. 2016 жылдың қаңтарында және 2017 жылдың сәуірінде ЮНИДО мұндай орталықты құру тұжырымдамасына өзінің түсініктемелерін жіберді.

Қазақстан үшін Бас конференцияның іс жүзіндегі қорытындысы 2015 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Үкіметі мен ЮНИДО арасындағы ЮНИДО Өнеркәсіптік даму қорына нысаналы жарналар туралы Әкімшілік келісімге қол қою болды. Әкімшілік келісім 2016 жылдың қарашасында күшіне енді.

Қазақстан ЮНИДО-ның өңірлік жобаларына белсенді қатысады. Қазақстанның "ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік интеграция үдерістерін қолдау" (2010-2013 жж.), "Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу үшін бағдарламалар әзірлеу бойынша әлеуетті құру" (2013-2015 жж.) және "ТМД елдерінде өнеркәсіптің дамуын талдау үшін өнеркәсіптік статистиканы жетілдіру және статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу" (2014-2015 жж.) сияқты өңіраралық жобаларға қатысуы қамтамасыз етілді.

2017 жылғы 11-14 маусымда Бас директор Ли Юн бастаған ЮНИДО делегациясының Астанаға сапары өтті. Оның барысында Ли Юн "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутеррештің үндеуің оқыды және Тұрақты даму үшін энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форум аясында "Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету" министрлік конференциясы сессияларының бірінің модераторы болды.

Сапар аясында Ли Юнның ҚР Премьер-министрімен, Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрлерімен, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісімен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында ҚР мен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, соның ішінде "Қазақстанның үшінші жаңғыруы", "ЭКСПО-2017" ХМК инфрақұрылымы базасында ХЖТО мен IT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру, ҚР мен ЮНИДО арасындағы бірлескен жобалар, "KazAID" дамуға ресми көмек агенттігі аясындағы ынтымақтастық және т.б. мәселелер талқыланды.

2018 жылғы шілдеде Қазақстан ЮНИДО-ның "Жасыл экономика жөніндегі әрекеттер үшін әріптестік" (Partnership for Action on Green Economy – PAGE) бастамасына қосылды, ол климаттың өзгеруі кесірінен зардап шеккен елдерді қолдауға, соның ішінде су ресурстары мен экожүйелерді басқаруды, кадрларды даярлау желісін ұйымдастыру және "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыру арқылы қолдауға бағытталған. Серіктестікке БҰҰ-ның 5 ұйымы кіреді – БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ Оқу және ғылыми-зерттеу институты (ЮНИТАР), ЮНИДО және БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ). Сонымен қатар, ЮНИДО Ұлттық қалдықтарды кәдеге жарату бағдарламасын бағалап, тиісті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге қолдау көрсетеді.

Украинада, Беларусьте, Қазақстанда және Арменияда озонды бұзатын заттарды және тұрақты органикалық ластағыштарды кәдеге жарату жөніндегі өңірлік жобаны іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде қатысушы елдерге Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) гранттық қаражаты есебінен қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу/залалсыздандыру үшін жабдықтарды сатып  алу, жеткізу, монтаждау, пайдалануға беру және мамандарды оқыту үшін техникалық көмек көрсетіледі.

2023 жылы ЮНИДО мен ЖЭҚ бірлескен бағдарламасы шеңберінде "Global Cleantech Innovation Program in Kazakhstan" жобасын іске асыру басталады деп күтілуде, ЖЭҚ да оның демеушісі болып табылады. Жоба шеңберінде қазақстандық әріптестер жасыл технологиялар саласында жаңа өнімдер құру және технологиялық шешімдер қабылдау мақсатында ірі компанияларды, ШОБ, үкіметті, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын біріктіретін жасыл технологиялардың инновациялық экожүйесін құрады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары