Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы
академиясының ресми сайты - https://www.iaca.int/
2012 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның іс-шараларына байқаушы ретінде қатысты. 2012-2013 жылдары қазақстандық тараптың күш-жігері ҚР-ның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым ретінде құру туралы келісімге қосылуы туралы Жарлықты ілгерілетуге бағытталған болатын.
2014 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Академияның мүшесі болды. Келісім 2013 жылдың 5 желтоқсанында ратификацияланды. 2014 жылдан бастап Қазақстан Академияны қолдау үшін жыл сайынғы ерікті жарналарды жүзеге асырады.
2016-2019 жылдар аралығында Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан сарапшылары үшін арнайы әзірленген және Ресей Федерациясының демеушілігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 4 курс өткізілді. Оқыту үздік өңірлік және халықаралық тәжірибелерді түсіну, этика мен адалдықтың тиімді тетіктерін әзірлеу, өңірлік осалдықтарды талдау үшін әлеуетті нығайтуға бағытталған.
2018 жылғы сәуірде Академия ректоры М.Кройтнердің Қазақстан Республикасына алғашқы сапары өтті, оның барысында ол Жоғарғы Соттың, Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (МҚІСҚА), Білім және ғылым министрлігінің, Бас прокуратураның, ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басшылығымен кездесті.
2018 жылғы мамырда ҚР МҚІСҚА төрағасы А.Шпекбаев жұмыс сапары барысында М.Кройтнермен кездесті. Келіссөздердің нәтижесінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған тренингтер мен семинарлар, сондай-ақ басқа да іс-шаралар өткізуді көздейтін ҚР МҚІСҚА мен Академия арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2018 жылғы 26-27 қарашада Қазақстан Республикасы Академия базасында ҚР МҚІСҚА, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының және Венадағы ҚР Тұрақты Өкілдігінің қолдауымен Орталық Азия және Ауғанстан елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылық құрамы үшін «Орталық Азия мен Ауғанстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты күшейту» тақырыбындағы тренинг өткізді. Дәріскерлер ретінде беделді халықаралық сарапшылар сөз сөйледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Ш.Қабдула Қазақстан тарапынан жаттықтырушы болды, ол елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы таныстырылым жасады.
Қазақстан 2019 жылғы 2-4 желтоқсанда Астана қаласында өткен Академияға қатысушылардың 8-Ассамблеясына төрағалық етті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 230-дан астам делегат қатысты. Бірауыздан 4 қарар мен Нұрсұлтан декларациясы қабылданды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов 8-сессияның президенті болып сайланды.
2020 жылы Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 2021 жылғы 2-4 маусымдағы Сыбайлас жемқорлық жөніндегі арнайы сессиясының қорытындысы бойынша қабылданған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес және халықаралық ынтымақтастықты күшейту саласындағы проблемаларды тиімді шешуге және шараларды жүзеге асыруға біздің ортақ міндеттемеміз» атты Саяси декларацияға Академияның рөлі туралы кірістіруді енгізуді қолдады.