Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстанның ЯСЖТШҰ-мен ынтымақтастығы туралы

ЯСЖТШ ресми сайты - https://www.ctbto.org/

 

1996 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қосылды. Қазақстанның ЯСЖТШ-ны әмбебаптандырудағы және оны басқа мемлекеттердің ратификациялауына жәрдемдесудегі күш-жігері бақылау режимінің барлық негізгі элементтеріне жатады:

 

1. Халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) қазақстандық секторының бақылау станцияларын құру және олардың жұмыс істеуі.

ЯСЖТШ Хаттамасына сәйкес 1999-2006 жылдар кезеңінде Қазақстанда бес жаңа ХМЖ станциясының құрылысы аяқталды: төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыс:

- PS23 Мақаншы негізгі сейсмикалық желісінің бір станциясы (2000 жылдан бастап);

- көмекші сейсмикалық желісінің үш станциясы: AS057-Бурабай-негізгі желіге қосалқы сейсмотоп (2002 жылдан бастап), AS058-Курчатов-сейсмотоп (2006 жылдан бастап), АЅ059-Ақтөбе-үш компонентті станциясы (2005 жылдан бастап);

- IS031-Ақтөбе инфрадыбыс желісінің станциясы (2001 жылдан бастап).

Бұл станциялардың барлығы 2002-2006 жылдар аралығында Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті және тәулік бойы үздіксіз режимде жұмыс істейді.

2017 жылғы 29 қарашада Астанада Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың орындалуын бақылауды нығайту үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында асыл газдар мониторингінің Радионуклидтік станциясына мүліктік салым бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.) базасында аталған станцияны мобильді контейнер түрінде жеткізу және орнату 2020 жылдың желтоқсанында аяқталды.

 

2. Қазақстандық ұлттық деректер орталығын құру және оның жұмысы.

ЯСЖТШҰ мен Норвегияның NORSAR геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер институтының қолдауымен құрылған Алматыдағы деректер орталығы ХМЖ және ХДО-мен тұрақты байланыста жұмыс істейді. Коммуникациялар желісі барлық қазақстандық мониторинг станцияларынан нақты уақыт режимінде деректерді автоматтандырылған жинауды қамтамасыз ететін 132 байланыс арнасын қамтиды.

Деректер орталығында әртүрлі жеделдіктегі бюллетеньдер, әртүрлі тақырыптық бағыттағы мәліметтер базасы (эталондық оқиғалар, ядролық жарылыстар және т.б.) шығарылады. Инфрадыбыс мониторинг деректерін жедел өңдеу және талдау тұрақты негізде жүргізіледі. 7 халықаралық және ұлттық деректер орталықтарымен жүйелі түрде деректер алмасу жүзеге асырылады.

2010 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстандық ұлттық деректер орталығының базасында Ядролық мониторинг деректерін өңдеу бойынша Орталық Азия елдерінің мамандарына арналған Өңірлік оқыту орталығы ашылды және қазіргі уақытта жұмыс істейді. Бұл жоба Норвегия Үкіметімен және ЯСЖТШҰ КҚК-мен бірлесіп жүзеге асырылды.

 

3. Жергілікті жерлердегі инспекция режимі бойынша іс-шараларды қолдау.

Қазақстанның бастамасы бойынша және ҚР ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының шешіміне сәйкес жергілікті инспекциялар бойынша төрт дала эксперименті жүргізілді: 1999 жылы, 2002 жылы 2005 жылы және 2008 жылы.

Қазақстан дала эксперименттерін жүргізу үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) аумағын ұсынды, бұл нақты жағдайға жақын жағдайларда оқу-жаттығулар өткізуге ықпал етті.

1999 жылы Қазақстанда жүргізілген эксперимент ЯСЖТШ тарихында бірінші болып 7 мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтті.

2008 жылғы Қазақстандағы дала эксперименті ең ірі болды, оның қорытындылары жергілікті жерлерде инспекциялар жүргізу жөніндегі басшылық құжаттарды жетілдіру үшін маңызды болды.

 

4. Ядролық мониторинг деректерін азаматтық мақсаттарда пайдалану.

Ядролық сынақтар мониторингі жүйесін құрудың арқасында Қазақстанның барлық аумағында сейсмикалық жағдай туралы жаңа деректердің едәуір көлемі алынды және келіп түсуін жалғастыруда. Бұл жаңа деректер жаңа нәтижелерге әкелді.

Қазақстанның сейсмикалық аудандастыру картасын және әртүрлі өңірлердегі сейсмикаға төзімді құрылыс нормаларын түзету қажеттілігі белгіленді. Алынған деректер мұнай өндіру жүргізіліп жатқан Каспий теңізі ауданының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыруға және бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында жарылыстан кейінгі процестердің дамуын бақылауға мүмкіндік береді.

Мониторинг деректерін талдау нәтижелері бойынша қазақстандық карьерлер бойынша өнеркәсіптік жарылыстардың каталогтары қалыптастырылды.

2018 жылғы 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні және Семей ядролық полигонының жабылу күні Астанада Курчатовтағы бұрынғы Семей полигонының объектілеріне барып, ЯСЖТШ-ның жастар тобы мен көрнекті қайраткерлер тобының конференциясы өтті.

2019 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтанда ЯСЖТШҰ атқарушы хатшысы Л.Зербоға және АЭХА Бас директоры Ю.Аманомен бірлескен номинацияда «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы» табыс етілді.

2021 жылғы наурызда Қазақстаннан кандидат - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Э. Батырбеков үш жылдық кезеңге «Б» Жұмыс тобының төрағасы лауазымына тағайындалды.

2022 жылдың қыркүйегінде ЯСЖТШҰ атқарушы хатшысы Р.Флойд Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған Нью-Йорктегі қазақстандық сайд-ивентке қатысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары