Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастық

Қазақстанның БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) өзара іс-қимыл тарихы БҰҰ Есірткіні бақылау жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры Дж.Джакомеллидің Қазақстанға 1994 жылғы мамырдағы сапарынан басталды.

1996 жылы 4 мамырда Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері және БҰҰ бағдарламасының Атқарушы директоры Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісін, айналымын, теріс пайдаланылуын бақылау саласындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (кейін Меморандумға Ресей, Әзербайжан және Аға Ханның Даму қоры қосылды).

2009 жылдан бастап Қазақстан түрлі жобаларды, соның ішінде Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын қолдау мақсатында БҰҰ ЕҚБ-ға ерікті жарналар бөледі.

Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы ынтымақтастық БҰҰ ЕҚБ Орталық Азия елдері үшін бағдарламасы (2022-2025 жж.) және БҰҰ ЕҚБ Ауғанстан мен көрші елдер үшін өңірлік бағдарламасы (2022-2025 жж.) шеңберінде жүзеге асырылады. БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан, ал Астанада Қазақстан бойынша елдік кеңсе орналасқан. Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде Қазақстанда полицияны реформалауға көмек көрсетуді, шетелдік террорист-содырлармен және олардың отбасы мүшелерімен жұмыс істеуді, сондай-ақ түрмелердегі радикалданудың алдын алуды, киберқылмысқа қарсы күресті қоса алғанда, түрлі салаларда 20-ға жуық жоба іске асырылуда.

Қазақстан есірткі мен қылмысты халықаралық бақылау саласындағы барлық ірі келісімдерге қол қойды және оларды ратификациялады: БҰҰ Есірткі құралдары туралы конвенциясы (1961), БҰҰ Психотроптық құралдар туралы конвенциясы (1971), БҰҰ Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясы (1988), БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенциясы (2000) және БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы (2003), барлық 19 терроризмге қарсы әмбебап халықаралық конвенциялар мен хаттамалар (2019).

Қазақстан БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің Венадағы екі функционалдық комиссиясы – Есірткі заттар комиссиясы мен Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі комиссиясының жұмысына белсенді қатысады. БҰҰ ЕҚБ олардың хатшылығы болып табылады. ҚР 2020-2023 жылдар кезеңінде Есірткі заттар комиссиясының мүшесі болып табылады, бұған дейін еліміз 2000-2003, 2008-2011 және 2014-2017 жылдары осы комиссияның мүшесі болған.

Қазақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын және БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын орындау жөніндегі шолу тетіктеріне қатысу жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерін орындайды.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру және оның қызметін орнату жөніндегі Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығын атап өткен жөн. Орталық мүше елдердің құзыретті органдарының трансұлттық есірткі қылмысына қарсы әрекеттерін үйлестіруге арналған. Орталықты Алматыда орналастыру үшін Қазақстан тиісті ғимарат ұсынған болатын.

Батыс және Орталық Азия мен Еуропа елдері арқылы ауған апиындарының контрабандасын шектеу жөнінде келісілген шаралар қабылдау саласындағы ең ірі халықаралық бастама – «Париж пактісі» мамандандырылған бастамасы Қазақстан үшін аса маңызды. БҰҰ ЕҚБ осы жоба шеңберінде үйлестіру функцияларын орындайды.

2011 жылдың маусым айында БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Юрий Федотовтың Қазақстанға алғашқы сапары өтті. Бұдан басқа, БҰҰ ЕҚБ басшысы 2017 жылғы қарашада Астанада өткен Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісін, айналымын, теріс пайдаланылуын бақылау саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қатысушы елдердің 10-шы шолу кездесуіне қатысты.

2018 жылдың сәуір айында Венада Қазақстанның Бас прокуратурасы мен БҰҰ ЕҚБ басшылығының кездесуі аясында ҚР Бас прокуратурасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, бұл құжат ҚР Құқық қорғау органдары академиясының базасында Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимылдың өңірлік хабын құруды көздеген болатын. Қазіргі таңда Хабтың алаңында жыл сайын 1500-ден астам практик, оның ішінде жақын және алыс шет елдерден өз біліктілігін арттырады. 20-дан астам елдің (Аустрия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Литва, Молдова, Норвегия, Румыния, АҚШ, Эстония, ТМД елдері және т.б.) жаттықтырушылары мен сарапшылары оларға қылмысқа қарсы тұрудың озық әдістерін үйретуде.

Сондай-ақ 2019 жылдың қыркүйегінде Венада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен БҰҰ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2021 жылдың қараша-желтоқсан айларында БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ғада Уәли Орталық Азияға өңірлік сапар шегіп, ҚР Мемлекет басшысымен, Сыртқы істер, Ішкі істер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен және Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнайы өкілімен кездесті. Сондай-ақ Ғ.Уәли Алматыдағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысына қатысып, Орталықтың директорымен кездесті.

2022 жылдың шілдесінде Халықаралық Нельсон Мандела күнін мерекелеу аясында Қазақстан Нельсон Мандела ережелерінің (БҰҰ Тұтқындарға қатысты ең төменгі стандартты ережелері) достар тобына қосылды. Іс-шара барысында БҰҰ ЕҚБ 2021 жылдың қараша айында Ш.Қабылбаев атындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының базасында ашылған Нельсон Мандела ережелері орталығына жоғары баға берді.

2022 жылдың қараша айында Астанада БҰҰ ЕҚБ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік кеңесшісінің кеңсесі орналастырылды. Бұдан басқа, Қазақстанда Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының базасында БҰҰ ЕҚБ Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісінің кеңсесі орналасқан.

2022 жылы Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісіне (GlobE) қосылған 60-шы ел болды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары