ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) 1990 жылы ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі Париж кездесуінің Қарарына сәйкес құрылды және Варшавада орналасқан.
Бюро адам құқықтарын қамтамасыз етуге, демократияны дамытуға және ЕҚЫҰ кеңістігінде заңның үстемдігін бекітуге ықпал ететін құрылым болып табылады.
ДИАҚБ құзыретіне келесі функциялар кіреді:
♦ сайлауды бақылау арқылы демократиялық сайлау процестерін қолдау;
♦ сараптамалық деректерді ұсыну және практикалық қолдау көрсету арқылы адами өлшем бойынша міндеттемелерді орындауға көмектесу;
♦ жергілікті жерлердегі ЕҚЫҰ-ның далалық миссияларына олардың адами өлшем бойынша қызметін жүзеге асыру кезінде көмек көрсету;
♦ жанжалдардың алдын алу және оларды болдырмау; қатысушы мемлекеттерге ЕҚЫҰ шеңберінде берілген халықаралық құқықтық және ЕҚЫҰ шеңберіндегі міндеттемелерді орындауда қолдау көрсету;
♦ төзімділік және кемсітпеу бойынша міндеттемелерді орындауда қолдау көрсету;
♦ ЕҚЫҰ-ның Рома және Синти халықтарының мәселелері жөніндегі байланыс пункті;
♦ адами өлшем бойынша міндеттемелердің орындалуын қарау және одан әрі іс-әрекеттер туралы ұсынымдар бойынша тұрақты кездесулер өткізу.
ДИАҚБ қызметінің келесі үш бағытын басымдық ретінде бөліп көрсетуге болады:
♦ ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес сайлауды өткізуге жәрдемдесу;
♦ азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды дамыту;
♦ ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем саласындағы міндеттемелерінің орындалуын қадағалауға практикалық қатысу.
1991 жылдан 1994 жылға дейін ДИАҚБ директоры Италия өкілі Лучано Кортезе болды. 1994 жылдан 1997 жылға дейін – Одри Гловер (Ұлыбритания). 1997 жылдан 2002 жылға дейін – Жерард Студман (Швейцария). 2003 жылдан 2008 жылға дейін – Кристиан Штрохаль (Австрия). 2008 жылдан 2014 жылға дейін – Янез Ленарчич (Словения). 2014 жылдан 2017 жылға дейін – Михаэль Линк (Германия). 2017 жылдан 2020 жылға дейін – Ингеборг Гисладоттир (Исландия). 2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Италия өкілі Маттео Мекаччи директор болып табылады
ДИАҚБ-мен соңғы негізгі кездесулер мен іс-шаралар
♦ 2021 жылғы 10 қаңтарда ДИАҚБ миссиясы ҚР парламенттік сайлауын бақылады.
♦ 2021 жылғы 19-22 қазанда Бюро директоры ретінде сапарының аясында М.Мекаччи ҚР астанасына барды. Бұл сапар іске қосылған экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар аясындағы елдегі ауқымды өзгерістер мен жаңа шындықтың барлық спектрін көруге мүмкіндік берді. Сапар бағдарламасына сәйкес ҚР ресми тұлғаларымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өтті.
♦ 2022 жылғы 11-14 сәуірде 2021 жылғы парламенттік сайлау қорытындылары бойынша қорытынды есепті ұсыну және талқылау үшін Бюро сарапшылар тобының сапары жүзеге асырылды. Сапар барысында Бюро қызметкерлері ҚР бірқатар мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.
♦ ДИАҚБ шектеулі миссиясы 2022 жылғы 5 маусымда өткізілген ҚР Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның өткізілуіне мониторингті жүзеге асырды.
♦ 2022 жылғы 23-24 маусымда Директор М.Мекаччи ҚР ресми өкілдерімен Бюроның елдегі одан әрі саяси реформаларға қатысуын талқылау мақсатында Қазақстанға барды. Директор «Хабар 24» Ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, жетекші қазақстандық БАҚ үшін баспасөз брифингін өткізді. Сапар барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен ДИАҚБ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
♦ 2022 жылғы 05-06 қыркүйекте Варшавада ДИАҚБ «Тұрақты ұлттық құқық қорғау институттарын құру» тақырыбында ұлттық құқық қорғау мекемелері басшыларының кездесуін ұйымдастырды. Қазақстан тарапынан ҚР Адам құқықтары жөніндегі омбудсмені Э.Әзімова қатысты.
♦ 2022 жылғы 20 қарашада ДИАҚБ-ның толыққанды Миссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды қадағалады.
♦ 2022 жылғы 01 желтоқсанда Лодьзь қаласында (Польша) орын алған ЕҚЫҰ СІМК-не қатысу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Бюро Директоры М.Мекаччимен кездесті. Сұхбат барысында ҚР-дағы мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары және байқау бойынша ДИАҚБ Миссиясының тиісті аралық есебі талқыланды.
♦ 2022 жылдың қараша айының басынан бастап ҚР-да «қаңтар оқиғалары» бойынша сот процестерінің ДИАҚБ сарапшыларының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі бюроның 5 сарапшысынан тұратын тобы жұмыс жасауда.