Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қ. Паспорттық-визалық қызметі көрсететін мемлекеттік қызметтер
ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА КУӘЛІКТІ РӘСІМДЕУ
Қайтып оралу куәлігі Қазақстан Республикасына оралу үшін рәсімделеді, келесі санаттағы азаматтарға рәсімделеді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар ҚХР болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтып алған жағдайда,
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар ҚХР болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда.
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
- Еркін нысандағы өтініш немесе Қытай Халық Республикасының құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда)
- Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын Қытай Халық Республикасының құзыретті органы берген құжат;
- Өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет;
- Консулдық алымның төленгені туралы құжаттың түпнұсқасы–65 юань;
- Жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш.
- Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ УАҚЫТША ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ ҚОЮ
ТҰРАҚТЫ КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ҚОЮ
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
- Өтініш;
- Есеп карточкасы;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа, ақпараттардан тұратын беттердің көшірмелерімен;
- Өлшемі 3,5x4,5 см түрлі-түсті фотосурет- 1 дана;
- Кету туралы парақ және ТТЖ шығу туралы хабарлама қағаз және/немесе ТТЖ шығу туралы белгісі (мөртаңба) бар паспорт беттерінің көшірмесі, түпнұсқа және көшірме;
- ҚХР тіркелуді растайтын құжат, түпнұсқа және көшірме.
УАҚЫТША КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ҚОЮ
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
ҚХР аймағында уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою үшін, Паспорттық-визалық қызметке жеке өзі немесе заңды өкілі арқылы келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- Өтініш;
- Есеп карточкасы;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, ақпараттардан тұратын беттердің көшірмелерімен;
- Өлшемі 3x4 см түрлі-түсті фотосурет- 1 дана;
- Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
- ҚХР тіркелуді растайтын құжат, түпнұсқа және көшірме.
*Ескертпе: Уақытша консулдық есепке қою туралы хабарлама жеке жүгінген жағдайда ғана рәсімделеді.