Қазақстан ЭЫДҰ-ның Су ресурстарын басқару жөніндегі бастамасының отырысына қатысты

Қазақстан ЭЫДҰ-ның Су ресурстарын басқару жөніндегі бастамасының отырысына қатысты

Париж, 2025 ж. 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова ЭЫДҰ-ның Су ресурстарын басқару бастамасының 20-шы отырысында бейнебайланыс арқылы сөйледі.

Отырысты ашқан ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн ЭЫДҰ-ның негізгі саясаты мен су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету құралдарына тоқталып, бұл саладағы өзекті проблемаларды, соның ішінде судың азаюы мен оның пластикпен ластануын шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. ЭЫДҰ мүше мемлекеттер мен серіктес елдерге «Ұйымның Су ресурстарын басқару қағидаттарына» сәйкес су ресурстарын басқару жөніндегі саяси шараларды жүзеге асыруда қолдау көрсетеді. Бұл маңызды құрал үкіметтің барлық деңгейлеріне су саясатын әзірлеу және ресурстарды басқаруды жетілдіру бойынша практикалық нұсқаулар береді. Корманның айтуынша, уақтылы қабылданған шаралар судың сапасын жақсартуға және тұрақты қаржыландыру мен тиісті инфрақұрылымға үлкен қажеттілік бар су қаупі мен табиғи апаттарды басқаруға көмектеседі. Ол серіктес елдерді және басқа да мүдделі тараптарды ЭЫДҰ-ның осы маңызды Қағидаттарына қосылуға шақырды.

ҚР Президентінің Арнаулы өкілі З. Сүлейменова Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық іс-шараларға мамзмұнды қатысып келе жатқанын атап өтті. Ол қатысушыларды 2024 ж. 3 желтоқсанда Сауд Арабиясының әр-Рияд қаласында БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы конвенциясының COP16 кезінде өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның бірлескен бастамасы болып табылатын «Ортақ су саммиті» (One Water Summit) нәтижелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ 2025 жылы Халықаралық мұздықтарды сақтау жылының басталуын атап өтіп, олардың тұщы судың ерекше маңызды көзі ретіндегі орасан зор рөлін және жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты мұздықтардың еруіне байланысты мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін атап өтті. Көтерілген тақырыптардың қатарында биоәртүрлілік, трансшекаралық өзен бассейндерін басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, әсіресе жас ғалымдардың қатысуымен, су айналымы және гидрология туралы мәліметтермен алмасу болды.

Екі күндік кездесу барысында ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер мен серіктес елдердің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және ҮЕҰ өкілдері су ресурстарын тұрақты басқаруды жеңілдету бойынша үздік тәжірибелер, саясат пен шараларды талқылап, осы саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Франция Президентінің «Ортақ су саммиті» бойынша Арнаулы өкілі Барбара Помпилидің төрағалығымен ЭЫДҰ-ның Су ресурстарын басқару бастамасы (WGI) су ресурстарын басқаруды жақсартуды қолдау үшін реформалар, жобалар, сабақтар және озық тәжірибелер бойынша құнды тәжірибемен алмасу үшін саяси форумға жиналатын 100-ден астам мүдделі тараптар мен делегаттар қатысатын халықаралық желісі болып табылады.