Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы делегаттар ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысуда

Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы делегаттар ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысуда

Париж, 2024 жылғы 28 мамыр – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бастаған Қазақстан делегациясы осы күндері Парижде өтіп жатқан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) делегаттар ассамблеясының 91-ші Бас сессиясына қатысуда.

2024 ж. 26 мен 30 мамыры аралығында Франция астанасында өтіп датқан жыл сайынғы кездесуге әлемнің 183 елінен келген ауыл шаруашылығы министрлері, ветеринариялық қызмет басшылары мен ветеринария қауымдастығының сарапшылары жиналды.

Делегация әкімшілік-техникалық қаулыларды қарауға және қабылдауға, сондай-ақ ХЭБ Кеңесінің өңірлік комиссиялар бюросы мен мамандар комиссияларының мүшелерін сайлауға қатысты.

Биыл ДЖДҰ құрылғанына 100 жыл толуы салтанатты түрде аталып өтуде.

Сессия барысында өткен сайлау нәтижесінде Ұйымның жаңа Бас директоры болып Франция өкілі Эммануэль Субейран тағайындалды. Қазақстан делегациясының басшысы А. Бердалин оны сайлануымен шын жүректен құттықтап, оның басшылығымен Ұйымның табысты дамуын тіледі, сондай-ақ қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Отырыс барысында отандық делегация Беларусь, Түркия, Иран, Жапония, Сингапур, Қытай, Ресей, Латвия, Грузия және басқа да елдердің ауыл шаруашылығы министрліктері мен ұлттық ветеринариялық қызметтерінің басшылығымен, сондай-ақ, ХЭБ Бас директорының кеңесшісімен кездесті. Негізгі талқылау тақырыптары Қазақстанға қойылған уақытша шектеулерді алып тастау және мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан сыртқы нарықтарға шығаруды жолға қою болды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде елімізбен ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында ынтымақтастық жүргізіп жатқан француз компанияларымен келіссөздер жүргізілді.

Сапар Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (2003 ж. дейін Халықаралық эпизоотиялар бюросы немесе ХЭБ) 1924 жылы құрылды. Қазір оның құрамына 183 мемлекет кіреді. Хатшылығы Парижде (Франция) орналасқан, сонымен қатар дүние жүзінде 15 өкілдігі бар, соның ішінде Астанадағы Орталық Азиядағы бойынша ХЭБ Субөңірлік өкілдігі (2013 ж. бастап) кіреді.