Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Париж, 2024 жылғы 15 наурыз – Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Жаһандық қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі директоратының басшысы Андреас Шаальмен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ биылға жоспарланып отырған бірлескен іс-шаралардың күн тәртібін қарады.