ЭЫДҰ жанындағы Халықаралық көлік форумының бас пәтерінде Қазақстанмен ынтымақтастықты талқылады

ЭЫДҰ жанындағы Халықаралық көлік форумының бас пәтерінде Қазақстанмен ынтымақтастықты талқылады

Париж, 2024 жылғы 28 ақпан – Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Халықаралық көлік форумының (ХКФ) Бас хатшысы Юн Тхэ Киммен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен ХКФ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оның кеңейту амалдарын қарастырды.

Тұрақты өкіл сұхбаттасын еліміздің көлік-транзит инфрақұрылымының дамуы мен «Орта дәлізінің» әлеуетін күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігімен бірлесіп ХКФ-тың бастамалары мен жобалары шеңберіндегі жұмысы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Ким Юн Тхэ жаһандық көлік маршруттарын дамытудың стратегиялық маңыздылығын және қолданыстағы тасымалдау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтіп, ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын бірлесіп пысықтауға қызығушылық білдірді.

2006 жылы құрылған, штаб-пәтері Парижде орналасқан, ХКФ көліктің экономикалық өсудегі, экологиялық тұрақтылықтағы және әлеуметтік интеграциядағы рөлін дамыту және арттыру, сондай-ақ көлік саясатына қоғамдық назарды арттыру бойынша талдау орталығы ретінде қызмет етеді. Оның құрамына бүгінде 66 мемлекет кіреді. Қазақстан 2017 жылдан бастап ХКФ мүшесі болып табылады.