
Париж, 2024 ж. 25 қаңтар - ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов ЮНЕСКО Су ғылымдары бөлімінің директоры Абу Аманимен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар Ұйымның Халықаралық гидрологиялық бағдарламасы аясындағы және су ресурстарын, соның ішінде жер асты суларын, сапалы басқарудағы ғылыми-практикалық ынтымақтастық, Алматыда орналасқан ЮНЕСКО қамқоршылығындағы екінші санаттағы Орталық Азиялық өңірлік гляциологиялық орталық қызметінің кейбір мәселелері, еліміздің осы саладағы бірқатар өзекті халықаралық бастамаларын талқылады.