
Париж, 2024 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАА) хатшылығының жұмысымен танысты.
ХАА Атқарушы директоры Карлос Серрано Васкеспен және Атқарушы үйлестіруші Констанс Видонмен кездесуде Қазақстанның архив мекемелерінің кеңес жұмысына қатысуы мәселелері мен халықаралық кездесулер мен іс-шараларды өткізуде өзара қолдау көрсетудің мүмкіндіктері талқыланды.
К. Серрано Васкес соңғы жылдары Қазақстанмен ынтымақтастықтың нығаю үрдісін, сондай-ақ 2022 ж. қазан айында «Ашық қоғамға – ашық архив» атауымен I Халықаралық архившілер конгресінің жұмысына қатысу мақсатында Алматыға жасаған сапарынан алған оң әсерін атап өтті.
Жылы сипатта өткен әңгіме Тұрақты өкілдік пен ХАА арасындағы байланысты жалғастыру үшін қолайлы негіз қалады.
Халықаралық архивтер кеңесі – мемлекеттік архив қызметтерін, әртүрлі меншік нысандарындағы архив мекемелерін және архив ісі саласындағы мүдделі мамандарды біріктіретін, хатшылығы Париж қаласында (Франция) орналасқан халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.