Елші Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Елші Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Б.Мөнхжинмен кездесті.

Кездесу барысында Елші Ж.Әділбаев Б.Мөнхжинді осы қызметке тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық салада сәттілік пен жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі моңғол дипломатына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі аспектілері туралы мағлұмат берді және Жолдаудың мәтінін табыстады.

Тараптар екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға, жоғары деңгейдегі саяси диалогты жандандыруға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ сауда-экономикалық салада белгілі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді.

Бұған қоса, Тараптар халықаралық ұйымдарда өзара серіктестіктің қажеттілігін және көпжақты ынтымақтастық шеңберінде өзара қолдаудың маңыздылығын атап өтті.