
Ұлан-Батыр, 2024 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінде қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы Ғабит Қойшыбаевтың Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жаргалсайхан Мэндээмен кездесуі өтті.
Сұхбаттасу барысында тараптар өзара сапарларды ұйымдастыру, бірлесіп зерттеулер, ғылыми конференциялар мен «дөңгелек үстелдер» өткізу, зерттеу жұмыстарымен алмасу, сондай-ақ екі ел аумағында ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға, форумдарға және Астана халыаралық форум мен Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік сұрақтары жөніндегі «Ұлан-Батыр диалогы» сияқты басқа да ірі халықаралық іс-шараларға белсенді қатысу арқылы Қазақстан мен Моңғолияның ғылыми-эксперттік топтары арасындағы байланыстар мен алмасуларды одан әрі нығайту сұрақтарын талқылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық зерттеулер институты 2023 жылы Астанада өткен Орталық Азия Форумынының аясында қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде осы екі мекеме арасындағы кооперацияны күшейтудің маңыздылығы аталып өтті.
Елшіліктің қонағы Моңғолия мен Орталық Азия елдерінің эксперттік қоғамдастықтарының өкілдері арасында ортақ мүдделілік бар сұрақтар бойынша көпжақты әрекеттестікті жолға қоюға қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат моңғолиялық және орталықазиялық ғалымдардың қатысуымен тығыз көпжақты ынтымақтастықты жолға қою идеясын құптап, ҚР дипөкілдігінің Қазақстан мен Моңғолияның жетекші «ой-талқы орталықтары» арасында екіжақты байланыстарды да тереңдетуге барынша жәрдем көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Бұған қоса, ол Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық зерттеулер институтымен тығыз өзара әрекеттестікті (оның ішінде бірлесіп «дөңгелек үстелдер» мен Институттың қызметкерлерімен ұжымдық кездесулер өткізу арқылы) жалғастыруға ниетті екендігін жеткізді.
Кездесуге қатысушылар сонымен бірге биылғы жылы өткізілуі жоспарланған (оның ішінде екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін) маңызды екіжақты және көпжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстанның кейбір жаһандық бастамаларына моңғол тарапының қолдау көрсетуі сұрақтарын талқылады.