
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура
мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖООда білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және
академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында 2020
жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады.
Бакалавриат / магистратура / PhD докторантура білім беру
бағдарламалары бойынша қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Жеке куәліктің көшірмесі; (Төл құжат көшірмесі).
2) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген
қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе
ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
4) үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе
орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген
шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық
анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және
ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
PhD докторантура бойынша қосымша:
1) қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу
тақырыбына негіздеме
2) Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат (TOEFL, IELTS,
DSH, TFI және т.б.).
Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы
хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz