Қазақстан мен Монғолия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Монғолия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

2020 жылғы 5 наурызда Елші Ж.Әділбаев Моңғолия Президентінің экономика және индустрия саясаты жөніндегі кеңесшісі Ц.Эрдэнэбатпен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі, көлік логистикасы және авиация салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілердің көрмесін және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысын Ұлан-Батырда өткізу мәселелері бойынша пікір алмасылды.