Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66 қаулысы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66 қаулысы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар бекітілсін.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әкімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлеріне, аумақтық сайлау комиссияларына, саяси партияларға, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына жұмыста пайдалану үшін жіберілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.