Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-Моңғолия қарым-қатынастары

Қазақстан-Моңғолия қатынастары туралы

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 қаңтарда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі 2006 жылғы желтоқсанда ашылды.

Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

2025 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі – Алмас Сейтақынұлы.

2026 жылғы сәуірден бастап Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Гунаажавын Батжаргал.

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі байланыстар:

1993 ж.: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға ресми сапары.

1998 ж.: Моңғолия Президенті Н.Багабандинің Қазақстан Республикасына ресми сапары.

1999 ж.: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға ресми сапары.

2007 ж.: Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстан Республикасына  мемлекеттік сапары.

2008 ж.: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары.

2017 ж.: Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржның ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысуы аясында Қазақстан Республикасына жұмыс сапары.

2024 ж. шілде.: Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің ШЫҰ-ның Астана саммитіне қатысуы аясында Қазақстан Республикасына жұмыс сапары.

2024 жылғы 28-29 қазан.: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары.

2025 жылғы 8 мамыр.: Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхпен бейресми кездесуі өтті.

2025 жылғы 1 қыркүйек: ҚХР-дың Тяньцзинь қаласында ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхпен кездесуі өтті.

2026 жылғы 20-23 сәуір: Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

1992 ж.: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Терещенконың Моңғолияға ресми сапары.

1994 ж.: Моңғолия Премьер-Министрі П.Ясрайдың Қазақстан Республикасына ресми сапары.

1997 ж.: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың Моңғолияға ресми сапары.

2000 ж.: Моңғолия Президенті Әкімшілігі басшысының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары.

2005 ж.: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімовтың Моңғолияға ресми сапары.

2006 ж.: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевтың Моңғолияға ресми сапары.

2015 ж.: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың Моңғолияға ресми сапары.

2016 ж.: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Моңғолияға ресми сапары.

2019 ж.: Моңғолия Премьер-Министрі У.Хүрэлсүхтің Қазақстан Республикасына ресми сапары.

2021 ж.: Моңғолия Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэгтің АӨСШК СІМ кеңесінің 6-отырысына қатысуы аясында Қазақстан Республикасына  ресми сапары.

2022 жылғы 12-13 қазан.: Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары С.Амарсайханның АӨСШК 6-саммитінің жұмысына қатысуы аясында Қазақстан Республикасына жұмыс сапары.

2025 жылғы 25-27 маусым.: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Моңғолияға ресми сапары.

2026 жылғы 22-25 қаңтар.: Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Х.Ганхуягтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапары.

Парламентаралық ынтымақтастық

2015 ж.: Ұлы Мемлекеттік Хуралдың (ҰМХ) «Моңғолия-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Ағыпарұлы Бәкейдің Қазақстан Республикасына сапары.

2015 ж.: ҰМХ Қорғаныс және сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Ж.Энхбаярдың Қазақстан Республикасына сапары.

2015 ж.: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы И.Адырбековтың Моңғолияға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысуы аясында сапары.

2016 ж.: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың Мәскеуде өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Мәскеу халықаралық форумы аясында ҰМХ Төрағасы З.Энхболдпен кездесуі.

2023 ж.: ҰМХ «Моңғолия-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Х.Баделханның Қазақстан Республикасына сапары.

2024 ж. (қараша).: ҰМХ депутаты Х.Жангабыл бастаған «Моңғолия-Қазақстан» достық тобы өкілдерінің Қазақстан Республикасына сапары.

2025 ж. (шілде).: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Женевада Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Төрағасы Д.Амарбаясгаланмен кездесуі.

2025 ж. (қыркүйек).: Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Төрағасы Д.Амарбаясгаланның Қазақстан Республикасына ресми сапары.

Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық

Сыртқы істер министрліктері арасында 4 саяси консультация өткізілді (соңғы рет – 2022 жылғы мамырда Астанада).

2021 жылғы 20 мамырда.: Консулдық консультациялардың 10-раунды өтті.

Дата публикации
09 апреля 2020
Дата обновления
15 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
11 июня 2025
Консулдық алымының мөлшерлемесі
Ақпарат
23 мая 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
22 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары