Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. консулы Ресей Федерациясы Елшілігінің ізеттік жүздесу үшін келген, жаңадан тағайындалған консулын қабылдады

Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. консулы Ресей Федерациясы Елшілігінің ізеттік жүздесу үшін келген, жаңадан тағайындалған консулын қабылдады

2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. консулы Ж.Ғ.Жұмбергенов Ресей Федерациясының Түрікменстандағы  елшілігінің Түркменбашы қ. консулдық пунктінің меңгерушісі М.В.Джеваковпен кездесті.

Қазақстандық дипломат Ресей консулын лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, оған дипломатиялық қызметте табыстар тіледі.

Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі екіжақты және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сұхбаттасушылар Балкан велаяты өңіріндегі консулдық мәселелер бойынша да пікір алысты.