Қазақстан Республикасының консулы Ж.Ғ. Жұмбергенов Түрікменбашы қаласының орталық алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының консулы Ж.Ғ. Жұмбергенов Түрікменбашы қаласының орталық алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

2024 жылғы 9 мамырда Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан, Балқан велаяты) Қазақстан Республикасының консулы Ж.Ғ. Жұмбергенов 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды Салтанатты рәсімге РФ Елшілігінің Түрікменбашы қ. консулдық пунктінің меңгерушісі А.М.Коржов, Түрікменбаши шаһарының әкімшілігі өкілдері  және қала тұрғындары қатынасты.

Соғыс жылдарында Түрікменстаннан 200 мыңнан астам адам әскерге алынса, 16 жауынгерге Кеңестер одағының батыры атағы берілген. Айта кету керек, осы қаһармандар қатарында Маңғыстау өңірінде туған, кейін ашаршылық кезінде Түрікменстанға көшіп, осы жақта әскерге алынған Мәди Бегенов те бар. Бүгінгі таңда Түрікменстанда бірнеше мектеп және көше М. Бегенов атында. Батыр атамыз 1943 жылы қиын-кескі ұрыста қаза болған.