Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қазақстанда Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында 6 түрікмен ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. Түрікменстанда қазақ ұлттық мәдени орталығын ашу мәселесі пысықталуда.
2019 жылғы 12 тамызда Түрікменбашы қаласында Бірінші Каспий экономикалық форумын өткізуге арналған гала-концертте қазақстандық әртістер, соның ішінде «Славян базары-2019» гран-при иегері Әділхан Макин өнер көрсетті.
2020 жылдың 29 сәуірінде Ашғабатта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Елшілік қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары арасында Ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу конкурсын ұйымдастырды. Байқауға 17 жасқа дейінгі балалар қатысып, Абай өлеңдерін қазақ, орыс және түрікмен тілдерінде оқыды.
2020 жылдың 21 желтоқсанында А.Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн «дөңгелек үстел» өтті.
2021 жылғы 22 наурызда Наурыз мейрамына орай Елшілік аумағында қазақ диаспорасы үшін ұлттық тағам дайындалып, балаларға ұлттық ойын және ат серуені ұйымдастырылды.
2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президенті С.Бердымұхамедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Түркіменстан Мәдениет министрлігі.арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы 25 қазанда өткен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Түрікменстанның Мәдениет министрі А.Шамурадовпен және Түрікменстан Спорт және жастар саясаты министрі Г.Агамырадовпен екі жеке кездесуі ұйымдастырылды.
2023 жылғы 13-15 маусымда Түрікменбашы қаласында "Жорға" тобының және "Ақтау сазы" фольклорлық ансамблінің шығармашылық ұжымдары Awaza2023 Халықаралық би және фольклорлық фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан өз өнерлерін таныстырды
2024 жылғы 18 мамырда Ашхабадта Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті
2024 жылғы 25-27 маусымда Астанада Қазақстандағы Түркіменстанның мәдениет күндері өтті 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаев пен Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы Г. Бердімұхамедовтың қатысуымен Махтумкули Фрага ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті
2024 жылғы 7-9 қазанда Ашхабадта Түркіменстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті оның шеңберінде галаконцерт сәндікқолданбалы өнер көрмесі, қазақстандық кино көрсетілімі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің. және Р. Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының гастрольдері өткізілді
2024 жылғы 10 қазанда ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Ашхабад қаласының "Лачын" көркем саябағында Түркіменстанға ресми сапары аясында мемлекет басшыларының қатысуымен Абай Құнанбаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
2024 жылғы 18-20 қазанда Маңғыстау облыстық музыкалықдрама театрының шығармашылық ұжымы 2024 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Аннау қаласында және Ашхабад қаласында өткен "ТҮРКСОЙ" 2ші Халықаралық театр фестиваліне белсенді қатысты
Білім беру саласында:
2020 жылдың 17 сәуірінде Ашғабатта Түрікменстанның бейтарап мәртебесінің 25-жылдығына арналған бейнеконференция түрінде халықаралық медиа форумы түрлі елдердің академиялық қоғамдастық, оның ішінде Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Б.Ахметов, саясаттанушылар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
2020 жылдың желтоқсан айында онлайн рәсім барысында Назарбаев Университеті мен Түрікменстанның Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2021 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары Ашғабаттың 140-жылдығына арналған онлайн-конференцияға қатысты. Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Дулати атындағы ТарМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ және т.б. проректорлары, сондай-ақ қазақ университеттерінде оқитын түркімен студенттері қатысты.
2021 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Түрікменстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ мен Мағтымғұлы атындағы Түркімен мемлекеттік университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің халықаралық қатынастар институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2021 жылдың желтоқсан айының басында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар институтының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан.
2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президенті С.Бердымухамедовтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Түркіменстанның Довлетмаммет Азади атындағы әлем тілдері ұлттық институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
2023 жылғы 10-11 қазанда Ашхабадта "Қуатты мемлекеттің жаңа дәуірінің Қайта өрлеу дәуіріндегі Денсаулық сақтау білім беру және спорт" көрмесі өтті, оған "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының басшылығы, ӘлФараби ҚазҰУ,Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ., Ә,Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті өкілдері, сондай-ақ басқа да бірқатар қазақстандық медициналық компаниялар мен бизнес өкілдері қатынасты.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2024 жылғы 10 қазандағы Түрікменстанға ресми сапары аясындағы келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тереңдету болды Тараптар Түрік-менстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу перспективаларын қарастыруға келісті