2018 жылдың қорытындысы бойынша Түрікменстанмен тауар айналымы – 99,5 млн. (экспорт – 86,6 млн. , импорт-12,9 млн.).
2019 жылы тауар айналымы 145,9 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 116,5 млн. , импорт – 29,4 млн. ).
2018 жылы Ашхабад қаласында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған Қазақстанның Түрікменстандағы сауда миссиясы өтті.
2019 жылы тамызда "Аваза" ұлттық туристік аймағында бірінші Каспий экономикалық форумы өтті. Ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.
2019 жылдың наурыз айында Астана қаласында экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Түрікмен Үкіметаралық комиссиясының оныншы отырысы өтті.
Түрікменстанға экспорттың негізгі баптары - бидай, ұн, химиялық тыңайтқыштар, металлургиялық өнімдер.
Түрікменстан импортының негізгі баптары - тоқыма, минералды және химиялық өнім.
Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, оның дәлелі Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы.
Ашғабаттың Жерді қашықтан зондтау спутнигін құрылысы бойынша жоспарлары, сондай-ақ аталған салада қазақстандық тәжірибесін ескере отырып, ғарыш саласындағы ынтымақтастық перспективалы болып табылады.