Канада провинцияларымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Канада провинцияларымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

2019 жылғы 2-3 желтоқсанда Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Нью-Брансуик провинциясына ресми сапармен барды. Өңірдің Лейтенант-губернаторы Бренда Мёрфимен болған ізеттілік кездесуі барысында Елші А.Камалдинов Қазақстанның мемлекеттік құрылыс және әлеуметтік даму салаларындағы басымдықтары туралы хабардар етті. Еліміздегі ұлтаралық келісім, халықтың бірлігі және саяси тұрақтылық Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген жетістіктердің қатарына кіріп, жыл сайын 1 желтоқсанда кеңінен мерекелеп жатқанын ерекше атап өтілді.

Сент-Джон қаласында Елші А.Камалдинов бұл қаланың маңызды ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен өткен іскерлік дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Іс-шараға қатысқан қала әкімдігі, Үлкен Сент-Джонның экономикалық даму агенттігі, теңіз портының әкімшілігі, Сент-Джон мұнай өндеу зауыты, «Irving Oil Ltd.» компаниясы және өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерінің алдында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басты экономикалық басымдықтарына арналған презентация өткізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан-Канада Парламентаралық ынтымақтастық тобының Тең төрағасы болып табылатын сенатор Джозеф Деймен бірлесіп ұйымдыстырылды. Ол өткен жылдары Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы мен еліміздің Еуразиядағы қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар, сенатор Дж.Дейдің қатысуымен Сент-Джонда орналасқан Канаданың ең ірі мұнай өндіру зауыты мен үшінші ең ірі теңіз портымен таныстыру өтті.

Нью-Брансуиктің астанасы Фредериктонда Елші А.Камалдинов бірқатар жергілікті кәсіпорындар және инновациялық сектордың басшылығымен келіссөздер жүргізді. «OpportunitiesNB», «Ignite Fredericton», «CyberNB» сияқты ұйымдар және өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері Фредериктон маңында дамып келе жатқан жоғары ғылыми индустрия мен әлемдік деңгейдегі инновациялық кластердың дамуы туралы түсіндіріп берді. Өз кезегінде, Елші А.Камалдинов Қазақстанның басты экономикалық басымдықтары, оның ішінде цифрландыру, «ақылды қала», «Astana Hub» IT стартаптарының халықаралық технопаркіне назар аударып, 2020 жылғы маусымға жоспарланған Астана экономикалық форумы және Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінінің отырысына жергілікті бизнес өкілдерін шақырды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Елші А.Камалдинов Канаданың 10 провинциясының тоғызына, ал олардың кейбіреулеріне бірнеше рет сапар шекті. Алдағы уақытта да сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі қозғаушы күші болып табылатын Канаданың провинциялары мен терроиторияларына сапарлар жоспарланып отыр.