НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қазақстан Республикасының Торонтодағы Консулдығына құжатты заңдастыруға өтініш бермес бұрын Канаданың келесі мемлекеттік органдарының бірінде құжатты заңдастыру/түпнұсқалығын растау қажет:
Заңдастыру мыналарға жатпайды:
1) уәкілетті тұлғаның қолы және мөрі қойылмаған құжаттар;
2) егер құжаттың түпнұсқасында уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі болмаса, құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
3) электрондық құжаттар;
4) туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Құжаттарды заңдастыру үшін ҚР Торонтодағы Консулдыққа келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңдастыруға жататын құжат және оның көшірмесі;
4) консулдық алым - 35 АҚШ доллары көлемінде «Embassy of Kazakhstan» атына жасалған түрінде Money order (әр құжат үшін);
5) шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және аудармашымен немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйыммен куәландырылуы тиіс;
6) өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңдастырылған құжат иесінің атынан заңды өкіл немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлға ұсынған кезде).
1) өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (сәйкестендіру үшін);
3) заңдастыруға жататын құжат және оның көшірмесі;
4) консулдық алым - 35 АҚШ доллары көлемінде «Embassy of Kazakhstan» атына жасалған түрінде Money order (әр құжат үшін).
5) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын құжат;
6) өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңдастырылған құжат иесінің атынан заңды өкіл немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлға ұсынған кезде);
7) заңдастыруға жататын құжаттың қазақ немесе орыс тілдеріне расталған аудармасы (түпнұсқа аудармасы Консулдықта қалады);
МАҢЫЗДЫ