Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Іскерлік серіктестік ҚР мен Канада арасындағы екіжақты қарым-қатынастар дамуының «локомотиві» болып табылады. 2013 ж. Канада Қазақстанды өзінің «Шетелдік нарықтардағы жаһандық іс-қимыл жоспары» шеңберіндегі басым елдер тізіміне енгізді.

ҚР Канададағы Елшілігі қазақстандық делегациялардың Канадада өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысуы барысында қолдау көрсетіп, еліміздің инвестициялық ахуалы мен жаңа экономикалық мүмкіндіктеріне арналған бизнес семинарларды канадалық қалаларда тұрақты түрде ұйымдастыруда.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 154 млн. АҚШ долл. құрады (ҚР экспорты - 52,8 млн., импорт - 101,2 млн.), бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58%-ға артық (экспорт 43,1 млн, импорт - 47,4 млн.).

Канада ҚР-ның ең ірі шетелдік инвесторларының қатарына кіреді. 2019 жылдың I тоқсанында Канададан тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 79 млн. АҚШ долл. жетіп, 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (50,3 млн.) 63,6%-ға өсті. 2005 жылдан бері Канададан Қазақстанға құйылған ТШИ-дің жалпы көлемі 4,6 млрд. АҚШ долл. асты.

Қазақстанда канадалық компанияларының қатысуымен 160-тан астам кәсіпорын тіркелген.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою мен оның 2014 ж. күшіне енуі Қазақстан-Канада әріптестігі үшін маңызды оқиға болды. Ол уран саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдегі бірінші орынға, ал Канада екінші орынға ие.

Қазақстанның маңызды канадалық әріптесі болып «Cameco Corporation» табылады. Ол ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамына кіреді және 1992 ж. бері ҚР уран өнеркәсібіне, соның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-пен бірге «Инкай» бірлескен кәсіпорнын дамыту шеңберінде, 400 млн. АҚШ долл. астам инвестиция құйды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да маңызды салалары болып тау-кен өнеркәсібі, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені табылады. Бизнес-делегациялармен алмасу, соның ішінде Канаданың әлеммен іскерлік байланыстарын кеңейтуде маңызды рөл атқаратын канадалық провинциялар деңгейінде, тұрақты түрде жіргізілуде.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғ.Пірматов пен «Cameco» Президенті Т.Гитцель 2015 ж. құрылған «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесіне (ҚКІС) басшылық етеді. ҚКІС-тің отырыстары 2016-2017 жж. ҚР астанасында және 2018 ж. Оттавада өткізілді. Оның жұмысына екі елден үкіметтік топтармен қатар 100-ден астам компаниялар қатысып, 6 жұмыс топтарының отырыстары өткізіледі:

1) тау-кен өнеркәсібі мен табиғи ресурстар;

2) ауыл шаруашылығы мен азық-түлік секторы;

3) мұнай-газ саласы (өндіріс пен технологиялар);

4) инфрақұрылым мен құрылыс;

5) көлік (соның ішінде, т/ж көлігі мен азаматтық авиация);

6) қаржы мен банкинг.

Серіктестіктің жаңа перспективті бағыттары болып аэроғарыштық сала, әскери-өнеркәсіптік кешен, инжиниринг, баламалы энергетика, қаржы мен банкинг саналады.

Дата публикации
13 февраля 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 января 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
Ақпарат
21 марта 2024
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары