Баланың тууын тіркеу үшін ата-аналар екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Торонтодағы Консулдығына келесі құжаттарды жеке тапсырады:
1. Өтініш.
2. Ата-анасының паспорты немесе жеке куәлігі (салыстыру үшін).
- Егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған және қазақ немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасымен бірге келісім ұсыну қажет.
3. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігі (салыстыру үшін.
4. Баланың туу туралы медициналық куәлігінің немесе канадалық үлгідегі баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі:
- құжат заңдастырылуы керек (заңдастыру туралы);
- құжат қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады (аударма туралы).
5. Консулдық алым – Embassy of Kazakhstan in Canada атына 25 АҚШ доллары көлеміндегі Money order.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.