Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды талап ету (сотталмағандығы туралы анықтама, туу туралы куәліктің. неке қию/ажырасу туралы куәліктің дубликаттары)

  • Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін (сотталмағандығы туралы анықтама, туу туралы куәліктің дубликаты, неке қию / ажырасу туралы куәліктің дубликаты және т.б.) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Өтініш;

2. Өтініш білдіруші паспортының көшірмесі;

3. Анкета (үлгі);

4. Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда); 

5. Консулдық алым - 30 АҚШ доллар көлемінде «Embassy of Kazakhstan» атына жазылған «Money order»;

Маңызды:
Қазақстан Республикасынан сұратылатын құжаттың Канада аумағында заңды күшке ие болуы үшін, әдетте, оған апостиль қойылуы қажет.

Апостиль құжаттың түпнұсқалығын растап, оны шетелде, соның ішінде Канадада, пайдалануға мүмкіндік береді.

👉 Егер құжат Канададағы мемлекеттік органдарға, оқу орындарына, банктерге немесе басқа ұйымдарға ұсыну үшін қажет болса, апостильді алдын ала рәсімдеу ұсынылады.

👉 Егер құжат жеке мақсатта немесе Қазақстан аумағында пайдалану үшін қажет болса, апостиль талап етілмейді.

Апостиль қою құны — әр құжат үшін 35 АҚШ доллары (төлем Money Order арқылы жүзеге асырылады).

Жеке тұлғалардың қолдаухаты бойынша өтініштер қанағаттандыруға жатпайды:

  • Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға берілсе;
  • Егер неке бұзылған болса, неке туралы куәліктер;
  • Қайтыс болған адамның туу туралы куәліктері.

Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше білім беру ұйымына жүгінеді.


  • Egov.kz порталы арқылы алынған электрондық анықтама негізінде сотталмағандық туралы анықтама алу

Егер электрондық сандық қолтаңба болған жағдайда Қазақстан азаматтары Egov.kz порталы арқылы сотталмағандық туралы анықтаманың электронды нұсқасын ала алады. Электрондық құжат негізінде Консулдық қолы мен мөрі қойылған анықтаманы қазақ немесе орыс тілінде бере алады.

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Өтініш;

2. Паспорттың көшірмесі

3. Egov.kz арқылы алынған сотталмағандық туралы анықтаманың көшірмесі;

4. Консулдық алым - 50 АҚШ доллар көлемінде «Embassy of Kazakhstan in Canada» атына жазылған «Money order».

  • Анықтаманы беру мерзімі - 3 күн ішінде.

 


 


Өтініш беруші тиісті сенімхатты ұсына отырып, өз атынан Қазақстан Республикасындағы сенім білдірілген адамға ХҚКО кеңселерінде қажет құжаттарды алуға рұқсат бере алады. 


 

Дата публикации
31 января 2020
Дата обновления
08 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 января 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
Ақпарат
21 марта 2024
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары