Соммасы -
Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері:
– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 80 АҚШ доллары;
– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 200 АҚШ доллары;
– туристік бір мәртелік виза – 60 АҚШ доллары;
– туристік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;
– транзиттік бір мәртелік виза – 20 АҚШ доллары;
– транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;
* Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.
Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.
«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.